Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысына жұмыс сапары аясында Саян Ахметжанов облыс активімен кездесті

Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов облыс активімен кездесті. Шарада Атырау облысының әкімі Серік Шапкеновтың төрағалық етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отырысқа аудан әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар, қоғам өкілдері қатысты. 

Іс-шара барысында Превенция қызметінің басшысы С.Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып, Президент бекіткен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасына ерекше назар аударды. 

С.Ахметжанов азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірінші кезектегі міндеті болып табылатынын атап өтті.  Сондықтан Агенттік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі, онда осы жерде тұратын және сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын адамдардың негізгі проблемалары көрсетілген.

"Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұртшылық өкілдерінің өз ресурстары мен мүмкіндіктерін біріктіруі аса маңызды. Сонымен қатар, Президент ағымдағы жылғы 01 қыркүйектегі жолдауында жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін едәуір кеңейту қажеттігін және бұл өзекті мәселелерді шешуді өңірлерге, адамдарға жақындатуға мүмкіндік беретінін атап өтті", - деді Саян Ахметжанов.

Кеңес қорытындысы бойынша Атырау облысының әкімі С.Шапкенов аталған ұсыныстарды ескеруді, сондай-ақ өңір тұрғындарының әлеуметтік маңызды проблемаларын шешуде күш-жігерді біріктіруді және қолдауды тапсырды.
 

Талқылау