Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нұрлыбек Қабдықапаров қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" сайтына сілтеме жасап.
"Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровқа қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін бірқатар себептер бойынша қатаң сөгіс берілді. Оның ішінде COVID-19-пен күресу бойынша эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асырудағы, жұқпалы медициналық қызметкерлерге әлеуметтік төлемдер ұйымдастырудағы, сондай-ақ облыстағы медициналық мекемелерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етудегі кемшіліктер кездесті. Артынша өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазды", - деп жауап берді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, Қабдықапаров осы жылдың мамыр айының басында денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Байдувалиев 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Алматы облысындағы Қарасай облыстық ауруханасын, Алматы облысының денсаулық сақтау бөлімін, одан кейін Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің қосымша кәсіби білім беру орталығын басқарды. Кейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
