Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысы аспанындағы саңырауқұлақ кейіпіндегі шығарынды жұрттың есін шығарды

Атырау облысындағы Қарабатан кен орнында алау пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

14 қыркүйекте әлеуметтік желіде жанып тұрған алаудың суреті пайда болды. Ол Қарабатан кен орнында орын алуы мүмкін. Ақпаратты облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов растады. Ол алаудың NCOC компаниясына тиесілі екенін айтты.

"Біздің мамандар атмосфералық ауаның ластану деңгейін анықтау үшін Қарабатан аумағының санитария аймағында ластаушы заттардың шоғырлануын өлшейді. Прокуратураға хабарладық және жоспардан тыс тексеру жүргіземіз", – деді Бекмұхаметов.

Кейінірек экология департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ведомство қызметкерлері жылжымалы мобильді зертханамен Қарабатан ауданына барған.

"Болашақ" зауытының шырақ қондырғысы шығарындылардың (қара түтіннің) көзі болып табылатыны анықталды. Департамент қызметкерлері зауыттың санитарлық-қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауаны өлшеді. Осы өнеркәсіптік объектіге жоспардан тыс тексеру жүргізіледі, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр