Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 185 млн теңге пара алды деп күдіктелуде

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен облыстық құрылыс басқармасы бастығына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Олар "Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында 200 орындық жаңа аурухана кешенін салу" нысанын пайдалануға қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюға көмектесу үшін алдын ала сөз байласуымен 185 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

3 желтоқсанда қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына өткізілді. Күдіктілердің кінәсінің дәрежесі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

STAN.KZ
Жұма, 04 Желтоқсан, 2020 15:29
Талқылау