AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты қашан өтетіні белгілі болды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты 3 тамызда басталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ жайық басылымына сілтеме жасап.

хаменова

Бастапқыда іс №2 қалалық соттың судьясы Дәуренбек Даумовқа жүктелген болатын, бірақ оның жақында Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы болып тағайындалуына байланысты істі басқа судья қарайды.

 


Хаменованың абақтыда отырғанына 4 ай болды: Тергеу ісі қалай жүріп жатыр?


“Қазіргі уақытта Бақытгүл Хаменованың Атырау облысының әкімдігіндегі штаттық орны сақталған. Ол жұмыстан өз еркімен кету туралы арыз жазған жоқ”, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Айта кетейік, бұған дейін Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалдырылғаны туралы хабарлаған едік. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова былтырғы желтоқсанда қамауға алынған. Онымен бірге мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пара алу күдігіне ілінген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр