AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды

Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты алғашқы сот отырысы кейін өтетін болды.

"Судьяның өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуіне байланысты Бақытгүл Хаменоваға қатысты істі қарау кейінге шегерілді", – деп мәлімдеді  соттың баспасөз қызметі.

Бақытгүл Хаменованың ісі Атырау қаласының №2 сотында қаралады.

Биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесінің 367-бабының 2-бөлігімен "Б" ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен.


Бақытгүл Хаменованың ұсталуы: Атырау облысының әкімі отставкаға кетуге дайын екенін айтты


Еске сала кетсек, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова былтырғы желтоқсанда қамауға алынған. Онымен бірге мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пара алу күдігіне ілінген. Күдіктілерге Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге сомасында пара алу күдігімен қылмыстық іс қозғалды. Кейін ол тергеу изоляторына қамалды.

Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігімен тергелді.

Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқаруға 2020 жылғы 13 наурызда тағайындалған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр