Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысы әкімі орынбасарының ісі сотқа жетті

Мемлекет қаржысын талам-таражға салды деп айыпталған Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың ісі сотқа жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев прокурордың 2021 жылғы 13 шілдедегі қау­лысымен қылмыстық ісі бойынша күдікті деп танылған. Ше­неунікке 83,7 миллион теңге кө­леміндегі инвестициялық суб­си­дияларды "Бұйырғын" ауыл­шаруашылық өндірістік коопе­ративіне заңсыз төлеу фактісі бойынша бюджет қаражатын ысырап етті деген айып тағылды. 

Облыстық прокуратура қылмыстық істі қалалық №2 сотқа жіберді.

“Қылмыстық іс 14 томнан тұрады. Қайрат Нұрлыбаев пен кәсіпкер сотқа үйінен келіп қатысады. Өйткені оларға ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған. Іс келіп түсті. Бірақ сот отырысы тағайындалмады”, — деді қалалық №2 соттың баспасөз қызметі. 


Атырау облысының әкімі орынбасарының отставкасын не себепті қабылдамағанын түсіндірді


Айта кетсек, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов сотта Қайрат Нұрлыбаевтың кінәсі дәлелденсе, отставкаға кететінін мәлімдеген болатын.

Айта кету керек, бұл істі болып жатқан Атырау облысы әкімінің екінші орынбасары. 2020 жылдың 10 қыркүйегінде 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров ұсталған болатын. Бұдан кейін 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. 

4 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен Құрылыс басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағанын хабарлады.

Кейіннен Нұрлан Таубаевтың адвокаты Асқар Таубаев 9 маусымда кешке інісінің тергеу изоляторында жағдайы нашарлап, оны облыстық ауруханаға жеткізгенін хабарлаған. Осыдан соң сот отырысы кейінге қалдырылды. 

Талқылау