Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөзге келіп қалған": Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері жанжалдан кейін қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото:anpz.kz

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жанжалға байланысты құрылған комиссия жұмысының нәтижесін жариялады.

"Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғалымжан Жусанбаев пен бас директордың орынбасары – бас инженер Әділет Шошанбасовты қызметтерінен босату туралы шешім қабылданды. Бас директордың міндетін атқару әрі қарай шешім қабылданғанға дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты бас директорының орынбасары – техникалық директор Олег Александрович Лызловқа жүктелетін болады", – делінген компания хабарламасында.

Зауыт жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Атырау мұнай өңдеу зауытының бас инженері үндеуі жариялап, мазут жеткізілімінің үзілгені туралы хабарлаған еді. Сондай-ақ бас инженер бас директорды зауытта алаңдатарлық жағдай туғызды және зауыт басшылығы қаржы ұрлады деп айыптаған.

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры да зауыттың кейбір жұмысшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген видеоүндеу жариялады.

Кейін бас директор Ғалымжан Жусанбаев президентке жүгініп, "ҚазМұнайГаз" басшылығы оған кәсіпорындағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат беруге тыйым салып отырғанын айтты.

Талқылау