Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тергеу басталды
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға қатысты тергеу басталды. Шешімге мұнай өңдеу нарығындағы бағалар динамикасын және өндіріс көлемін талдау негіз болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға қатысты тексеруді бастады. Тексеруге мұнай өңдеудің тауар нарығындағы тауарлардың бағасы мен өндіріс көлемінің динамикасына жүргізілген талдау негіз болды.
Ведомствоның хабарлауынша, талдау мұнай өңдеуге монополиялық жоғары бағаларды белгілеу мен ұстап тұруда көрсетілген үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады. 2021-2023 жылдар аралығында орташа баға 31% өскен.
"Айта кететін жайт, монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын ықтимал бұзушылықтарды тергеу барысында анықталған", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында құбыр жарылып, 30 тонна бензин төгілгені туралы жазған едік.