Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейірім Қалауи Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды

Атырау қаласының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент Әкімшілігінің келісімен сәйкес облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Атырау қаласының әкімі лауазымын Мейірім Қалауи атқаратын болды.

Бұдан бұрын Атырау қаласының әкімі қызметін Қайрат Оразбаев атқарған болатын. 

Мейірім Жоламанұлы 1985 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығымен, 2010 жылы РФ Президенті

жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2006-2007 жылдары "Атырау-Ақпарат" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында бастаған. 2010-2011 жылдары "Тұран" ЖШС директоры, "Қазақстан" РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редактор болып жұмыс істеген.

2011-2012 жылдары "Атырау-Ақпарат" КМК төрағасы, 2012-2016 жылдары облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы, 2016-2019 жылдары облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

2019-2021 жылдары Индер ауданының әкімі.  

Биыл қаңтардан бастап NurOtan партиясының (қазіргі Amanat) облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

Айнұр Мұхади
Жұма, 04 Наурыз, 2022 09:41
Талқылау