Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қамыс өртінен кейін Атырауды қалың түтін басты

Фото: Желі кадрларынан скрин

Атырау маңында 30 гектар жерде қамыс өртеніп, салдарынан қаланы түтін басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, Атырау тұрғындары өрттің иісін сезіп, қаланы басқан тығыз түтінді байқаған. 

Мұның себебі қамыстың өртенуі болды. ТЖМ хабарлағандай, қазіргі жағдай бойынша алдын ала өрт алаңы шамамен 30 гектарды құрайды.

Фото: ТЖМ

Өрттің жалпы ауданы 280 гектарға жеткен. Оның 250 гектары сөндірілген.

Қазіргі уақытта ТЖМ құтқарушылары мен әкімдік өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін сөндіру және жырту жұмыстарын жүргізуде. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Сондай-ақ, бұл жерге ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы келді. Қазіргі уақытта 30 тонна судың 10-ы төгілді.

STAN.KZ
Жексенбі, 01 Маусым, 2025 19:27
Талқылау