Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау халықаралық әуежайы Хиуаз Доспанованың есімін алады

Атырау халықаралық әуежайы Хиуаз Доспанованың есімін алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі электрондық үкімет порталына сілтеп. 

хиуаз доспанова

"Атырау халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына Хиуаз Доспанованың есімі берілсін", - делінген 25 желтоқсанға дейін талқылау үшін жарияланған үкімет қаулысы жобасының мәтінінде.

Хиуаз Доспанова (1922-2008) - Ұлы Отан соғысының жалғыз ұшқыш-қазақ, штурман-атқыш. Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. 1922 жылы 15 мамырда Гурьев (Атырау) облысы Ганюшкино ауылында дүниеге келген. 1940 жылы Орал қаласындағы № 1 орта мектепті алтын медальмен бітірді. Мектепте ол жергілікті аэроклубқа барып, аттестатпен бірге запастағы ұшқыш куәлігін алды. Оның есімі Air Astana әуекомпаниясының Embraer 190 лайнеріне берілді.

Талқылау