Атырау аспанын түтін орады: Тұрғындар видеоға түсіріп алды
Каспий теңізінің жағалауындағы өрттің салдарынан Атырау түтінге оранды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Қала тұрғындары ауадан жанған нәрсенің иісін сезген, ал Атыраудың кейбір аудандарында аспан түтінге оранған. Әсіресе, Дамба ауылдық округінің тұрғындары күйік иісі мен "қара аспан" туралы шағымданған.
Қамыстың жанғаны туралы 10 қазанда белгілі болды. Жолаушылар ұшағының бортынан түсірілген видеода өртті көруге болады.
Еске сала кетейік, қыркүйек айында теңіз жағалауындағы қамыс өртенді. Өртті сөндіруге арнайы тікұшақ тартылды.
Осыған ұқсас жағдай Атырауда бір жылдан астам уақыт бұрын болған: "Ақжайық" резерватында жанған қамыстың салдарынан бүкіл қаланы түтін басып қалған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"