Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құнды заттары ұрланған: Атыраудағы элиталық тұрғын үй кешенінде әйелді өлтіріп кеткен

Фото: әлеуметтік желі

Атыраудағы элиталық тұрғын үй кешенінде жүкті әйелдің өліміне қатысты іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 46 жастағы әйелдің мәйіті "Француз кварталы" тұрғын үй кешенінен табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел жүкті болған.

Куәгерлердің айтуынша, әйелді пышақтап кеткен, оқиғадан кейін әйелдің пәтерінен құнды заттары ұрланған. Қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.


"Көміп, үстіне ат байлап қойған": Жетісайда екі ай бұрын жоғалған әйелдің мәйіті ауылдасының ауласынан табылды


Ақпаратты жергілікті полиция департаменті растады. Полицияның мәліметінше, бұл дерек бойынша "кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Марқұмның NCOC компаниясының игеру жоспарлау бөлімінің басшысы, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жетекші мамандарының бірі Бибігүл Шпанова екені белгілі болды.

Адам құқықтары жөніндегі комитетінің мәліметінше, марқұмның денесінен пышақ жарақаттары табылған, ал пәтеріндегі сейф бұзылған.

Комитеттің хабарлауынша, марқұмның туыстары оларға көмек сұрап жүгінген. Олар тергеудің әділдігіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Құқық қорғаушылар оқиғаның кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін деген нұсқаны да тексеру қажеттігін айтып, істің толық әрі ашық тергелуін талап етті.

"Мемлекет марқұмның отбасына шынайы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етіп, кінәлілердің табылып, лайық жазасын алуына кепілдік беруге тиіс", — делінген комитет хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда әлдекімдер торт жеткізуші курьер ретінде келіп, жүкті әйелді ұрып-соққаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 29 Сәуір, 2025 20:22
Талқылау