Атырау облысында жер сілкінісі болды
Ұлттық ядролық орталықтың геофизикалық зерттеулер институтының (ҰЯО ИГИ) жедел деректеріне сәйкес, 9-ынан 10 сәуірге қараған түні Атырау облысының Жылыой ауданы аймағында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: TASS/Albert Damanik
Қазақстандық ұлттық деректер орталығы (ҰҒО) нақтылағандай, жер сілкінісі Астана уақыты бойынша 01:40-та (9 сәуірде Гринвич бойынша 20 сағат 40 минутта) Құлсары қаласынан (Жылыой ауданының әкімшілік орталығы) оңтүстік-шығысқа қарай 120 км жерде болған.
Эпицентрдің координаттары: 45.95 градус солтүстік ендік, 54.28 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=4.3. Энергетикалық класы K=9.1.
Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет түспегенін хабарлады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"