Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Атына 8 несие рәсімдеген": 19 жастағы жігітті өлтірген әскери қызметкер 15 жылға сотталды

Фото: Stan.kz

Астана қаласының әскери соты Түркістан облысында 19 жастағы Жасұлан Әбдіманапты өлтіргені үшін ефрейтор Мурод Абдижамиловты 15 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот күдікті Мурод Абдижамиловты "адам өлтіру" бойынша кінәлі деп танып, оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Күіктінің сыбайластары Диас Ибрагимов 2 жыл 8 айға, Адина Мамаева 4 ай 6 күн бас бостандығынан айырылды.

Бұдан бөлек, сот айыпталушы Абдижамиловты марқұмның отбасына моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Еске салайық, 19 жастағы Жасұлан Әбдіманап із-түссіз жоғалып, екі күн өткен соң Сарыағаш қаласында мәйіті табылған еді. Марқұмның анасы Райхан Жамалованың айтуынша, 19 ақпанда ұлын таныстары қарыз мәселесін сөйлесу үшін шақырған. Олардың арасында Мурод Абдижамилов та болған. 

Кейін белгілі болғандай, Жасұланның атына сегіз несие рәсімделген. Күдіктілер сол күні кешке оны көлікке отырғызып, қала сыртына алып кеткен. Онда жас жігітті ұрып-соққан, одан кейін тергеу нұсқасы бойынша Абдижамилов оған пышақ жарақатын салған. Жасұлан қашып құтылмақ болғанымен, шамамен 60 метр ғана жүгіріп үлгерген, оны қуып жеткен Абдижамилов 17 рет пышақ сұққан. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 11 Тамыз, 2025 18:40
Талқылау
`