ATFBUSINESS: Ақшаны тездетіп жұмыс істетудің тәсілі бар

Біз онлайн режимінде тамақ пен киімге тапсырыс береміз, байланыс пен ойын-сауық қызметтерінің ақысын төлейміз. Барлық нәрсенің тез жасалып, шешілетініне үйреніп қалдық, әйтеуір, көптен күткен телепортты ойлап тапқандаймыз... Үйден шықпай-ақ қанша іс бітіруге болады?! — Іс жүзінде бәрін істеуге болады екен! Тіпті бизнесті де жүргізуге болады.

стан

Жеке кәсіпкерлер, отбасылық бизнес пен мектеп достарының іскерлік серіктестігі біз үшін кез келген талғамдағы қызметтер мен тауарлардың жайлы инфрақұрылымын жасады. Бұл қазіргі өзін-өзі оқшаулау жағдайында біздің өміріміздің сапасын қалыпты деңгейде ұстап тұрған және осы тұста өзі де вирустың төзімділік сынағынан өтіп жатқан шағын және орта бизнес. Көптеген кәсіпкерлер бұл сынақтан қаймықпай өтетініне сенеді, өйткені олар өз шығармашылығымен және қандай болмасын жағдайда бейімделу қабілеттілігімен қорғанатын қасиетке ие. 

Істі жүргізу моделін тез арада қайта бағдарлау және түзету дамыған онлайн-коммуникация арналарын ғана емес, сондай-ақ қосымша сандық шешімдердің қомақты арсеналын талап етеді. Ендеше мұндай бизнес-мобильділік үшін оңтайлы құралдар қажет.

АТФБанктің мамандары жеке кәсіпкерлер үшін смартфондар мен ДК онлайн-банкингіне арналған жаңа бағдарламалық өнімді – ATFBussiness мобильді қолданбасын әзірледі, оның көмегімен өз қаржыңды жедел әрі қашықтан басқаруға болады. ATFBusiness қолданбасының айрықша қолайлылығын банктің клиенттері қазірдің өзінде бағалап үлгерді, бұған мысал – Қарағанды қаласының танымал сауда орындарының біріндегі ерлер мен әйелдерге  арналған спорт киімі бутигінің иесі Артем Валишин. Кәсіпкердің АТФБанкпен ынтымақтастық құрғанына бірнеше жыл өтті: оның бутигінде АТФБанктің терминалы орнатылған, адамдар өз денсаулығы үшін қолма-қол ақшаны пайдаланбай, контактісіз төлем жасауға тырысатын қазіргі таңда терминалдың пайдасы тіпті басым болды, бұдан басқа осы банкте Артемнің бизнеске ашылған шоты да бар.

Артем Валишин: «Мен банкке кезекті келгенімде менеджер менің қайталанып келетін операцияларды жиі жасайтыныма, іс жүзінде бұл рәсімді жеңілдетуге болатынына назарымды аударды. Менеджер мені ATFBusiness қолданбасымен таныстырды, функцияларын меңгеруге, тіпті менің жиі қайталанатын операцияларым үшін шаблондар жасауға көмектесті. Енді мен банкпен өз дүкенімнен де, үйден де немесе сапарда болған кезімде де жұмыс істей аламын, бар болғаны интернет желісі тұрақты болуы қажет. 

Мен қолданбаның артықшылықтарын шын мәнінде бағаладым, бұл қолданбамен өз жоспарларыңды еркін жүзеге асырасың және уақытты жақсы үнемдейсің. Бұрын банкке бару шамамен менің бір сағат уақытымды алатын: бөлімшеге жеткенше, қажетті қызметті алғанша, одан үйіңе қайтқанша, біршама уақыт кетеді.  Әрине, бұл сен чек кітапшасын ұмытпаған жағдайда! Енді мен ATFBusiness қолданбасымен кез келген операцияға 5 минуттан аспайтын уақыт жұмсаймын!»

Бүгінгі карантин жағдайында баршамызға өзін-өзі оқшаулау қатаң ұсынылуда,  Артем Валишин өз бизнесін тоқтатпады, әйтсе де ол үшін жөнге салынған бизнес-процестерді өзгерту немесе, басқа сөзбен айтқанда, істі жүргізудің қалыпты дәстүрін өзгерту қажет болды. Клиенттердің қолданыстағы пулы, инстаграмдағы беттер және тапсырыстарды жеткізу қызметі қиын жағдайда өміршеңдігіңді жоғалтпауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа ATFBusiness барлық қаржылық мәселелеріңді көп қиналмай шешуге көмектесуде.

ATFBusiness мобильді қолданбасы қазіргі күрделі жағдайда өзекті де пайдалы банк өніміне айналды. Сол себепті Банк кәсіпкерлікті қолдау үшін қолданбаны маусым айының аяғына дейін тегін жасады. Онлайн-тіркелу және 0 теңге үшін SINGLE тарифтік жоспарына қосылу кәсіпкерлердің қашықтықтан шот ашу, 1% кэшбэкпен бизнес-карточкаға үйге жеткізумен тапсырыс беру, айына 20-ға дейін банкаралық аударымдар, банктік операциялар бойынша тиімді тарифтер, шоттар бойынша үзінді көшірмелер мен бөлімшеге келмей-ақ анықтамалар алу сияқты қолайлы функционалға қол жеткізуіне мүмкіндік береді. ATFBusiness қолданбасына қосылыңыз — мұнда ақша сіз үшін тездетіп жұмыс істейді!

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр