АТФБанктің Black Edition мәртебелі картасымен 1 млн теңгені қалай ұтып алуға болады?
Бірнеше жыл бұрын біз банк карталарына сенімсіздікпен қараған болатынбыз және оларға өз қаржыңды қалай сеніп тапсыруға болатындығын елестете де алмадық. Бүгінгі таңда бұл ақшаны сақтайтын және кез келген тауар мен қызметке төлем жасайтын сенімді әрі оңтайлы құралға айналды.
Әртүрлі карта, мейлі ол жалақы, кредиттік, виртуалды банк картасы болсын – кез келген мәселені шешуге мүмкіндік береді. Ал өзіне жоғары сападағы стандарттарды таңдайтындар үшін АТФБанк MasterCard Black Edition мәртебелі картасын ұсынады. Ол арқылы дүкен және интернет арқылы жасаған саудаға, сондай-ақ көптеген қызметтерге тек Қазақстан аумағында ғана емес, сонымен қатар шетелде төлем жасауға болады, қолма-қол ақша алу және балансты толықтыру да аса қиындық тудырмайды.
Өзгелерден оның басты ерекшелігі – қосымша артықшылықтарының болуы: осы картаны ұстаушылар премиум-клиент мәртебесіне ие болады, сонымен бірге оларға арнайы мүмкіндіктердің үлкен топтамасы ұсынылады.
Алайда осымен шектелмейді! Енді АТФБанктің MasterCard Black Edition мәртебелі картасын белсенді түрде пайдаланушылар алдағы жарты жылдық ішінде банк және MasterCard ұйымдастырған арнайы акцияға қатысатын болса, қомақты ақшалай сыйлықтарға ие болады! Қызық па? Шарттарымен егжей-тегжей танысу үшін сілтемеге өтіңіз.
Егер қысқаша айта кететін болсақ, жылдың соңына дейін әр ай сайын аралық ұтыс ойындары қорытындысы бойынша 100 қатысушы 10 000 теңгеден алып отырады, ал басты ақшалай сыйлықтар ұтысы ең сүйікті мейрамымыз – Жаңа жыл қарсаңында өткізілетін болады. 28 желтоқсан күні сыйлыққа 1 миллион, 800 мың және 500 мың теңгеден алатын ең басты үш жеңімпаз анықталатын болады. Жеңімпаздарды анықтау тәсілі – рандом, ол дегеніміз - МasterСard BlackEdition картасын белсенді ұстаушылардың барлығында бірдей мүмкіндік бар деген сөз.
АТФБанктің мәртебелі картасы арқылы осы өткізіліп отырған акцияны қоспағанда, картаның арнайы артықшылықтары арқылы сіздің қаржылық мүмкіндіктеріңіз ең жоғары көрсеткіште болатын болады.
Бірінші және ең ыңғайлы түрі – мультивалюталы болуы. Ол көп саяхат жасайтын немесе өз бизнесін шетелдік серіктестермен қоян-қолтық жүргізетін клиенттер үшін өте ыңғайлы. Ол нені білдіреді? Барлығы оңай және өте ыңғайлы – ақшаңызды бірден бес валютада сақтай аласыз, олар – қазақстандық теңге, америкалық доллар, еуро, ресейдің рублі және британдық фунт стерлинг. Осындай әмбебаптық айырбастауға кететін уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдейтін болады.
MasterCard Black Edition картасының шарттары расында өте тиімді. Бірінші кезекте ол әлемнің барлық банкоматтарынан ай сайынғы қолданыстағы лимит аясында нөлдік комиссиямен ақша алу. Екіншіден, лимиттер шегінде тегін аударымдар. Үшіншіден, Қазақстанда және шетелде барлық саудадан нақты ақшамен алуға болатын 5% жоғарылатылған кэшбэк.
Сонымен қатар, АТФБанктің мәртебелі картасының иегерлері дүние жүзіндегі мейрамханаларға, фитнес-клубтарға, ойын-сауық орындарына және сауда алаңдарына барғанда қосымша жеңілдіктерге ие болады. Жақсы табыс таба білетіндермен қатар, ақшаның құнын бағалайтындар үшін керемет үнем!
Неге MasterCard Black Edition картасын басқаларынан жоғары қояды? Дұрыс, ол мейрамханалар мен қонақ үйлерден орындар брондау, театр мен көрмелерге билеттер алу үшін тәулік бойы арнайы консьерж-севиспен қамтамасыз етілетін жайлылық үшін аса жоғары бағаланады. Ал дүние жүзіндегі әуежайларда паспорттық бақылау рәсімін жылдамдату және VIP-күту залдарын пайдалану сияқты бірқатар артықшылықтары тағы бар.
Тағы айта кететін маңызды аспектілердің бірі – қауіпсіздік! Ол үшін МasterСard-тың клиенттерге қолдау көрсететін жаһандық қызметі жауап береді, саяхат барысында күтпеген оқыс оғиғаға тап болған жағдайда, оның көмегі аса қажет болады. Мысалы, картаны күтпеген жерден жоғалтып немесе ұрлатып алдыңыз. Сізге картаны бұғаттауға немесе бұғаттаудан шығаруға, шұғыл түрде оны алмастыруға көмектесетін болады, тіпті кейбір сомасын қолма-қол ақша түрінде береді.
Сонымен, АТФБанктің MasterCard Black Edition картасымен өмір барынша жайлы әрі қызықты бола түсетіні бәрімізге айқын болды!

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
