Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері қысқара ма: Жұмыспен қамту орталығы жауап берді

Жұмыспен қамту орталығы Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде елорда тұрғындары алатын атаулы әлеуметтік көмек мөлшері қысқармағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жұмыспен қамту орталығы 2020 жылдың екінші тоқсанында төтенше жағдай кезінде, АӘК кірісті қайта есептеместен автоматты түрде есептелетінін түсіндірді. Үшінші тоқсанда мұндай есептеу қарастырылған.

"Әлеуметтік желілерде осы айда атаулы әлеуметтік көмек 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда қысқартылды деген көптеген ақпарат бар. 2020 жылдың шілдесінен бастап карантиндік шаралар аясында АӘК автоматты түрде Нұр-Сұлтан қаласында тұратын 2941 отбасыға есептелген. Екінші тоқсандағы көмек кірістердің есебін ескере отырып тағайындалған", - дейді олар. 

Сонымен қатар, АӘК алуға электрондық үкімет порталы арқылы өз өтініштерін жіберген 160 жаңа үміткерлерге есептелген. 

Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек тағайындау автоматты түрде 121 мың отбасынан 625 мың қазақстандыққа тағайындалды деп хабарлады. Екінші тоқсанда 561 мың қазақстандық АӘК-ні мемлекеттік органдарға жүгінбестен автоматты түрде алды.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр