"Атасы мен әжесі қайда?": Қайрат Нұртас қызының мектеп бітіру кешіне барды
Фото: Жеке парақшадан алынды
Белгілі өнер өкілдері Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбідкәрімованың тұңғышы Сезім түлек атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі қызына арнап, жазба жариялады.
Сен үшін де, мен үшін де маңызы зор ерекше күн. Жыл бойы екеуміз түрлі сынақтардан, эмоциялардан, қызық сәттерден өттік. Енді міне жемісін теретін кезеңге жеттің. Шүкір! Қадамың оң болғай! 11-сынып атанғаннан бастап менің толқуым бір сәтте сейілген емес. Иә, мойындаймын… ана болған соң уайым да болды, дегенмен қызым, саған деген сенім одан да жоғары болғанын да жасырмаймын. Өзіңмен бірге есейіп өстім, дамыдым!”, – деп жазды актриса.
-
"Екі жылдан бері алысып келемін": Жұлдыз Әбдікәрімова күрделі ем алып жүргенін көрсетті
-
"Арыңыз қалай жібереді?!": Жұлдыз Әбдікәрімова қысқа киемін деп сынға қалды
Желі қолданушылары Сезімнің жанынан әкесі Қайрат Нұртасты көргеніне қуанғандарын жарыса жазып жатыр. Алайда әжесі Гүлзира Айдарбекованы да іздегендер табылды.
“Қайратты көріп қуанып қалдым”, “Ата-әжесі қайда екен, тұңғыш немерелерінің мектеп бітіру кешіне неге келмеген”, “Сезімнің биін көріп, жылап қалдым”, “Әжесіне немере керек жоқ сияқты”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен құттықтап, сынға қалған еді.

Маңғыстауда тұрғындардың үйлерін, көшелерін қоңыз басты: Аумақтық инспекция жәндіктермен күресті халықтың өзіне қалдырды (видео)
