Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атамқұлов KADEX-те көз жұмған азаматтың туыстарынан ел алдында кешірім сұрады (видео)

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов KADEX-те көз жұмған азаматтың туыстарынан айтқан сөзі үшін кешірім сұрады. Ол марқұмның отбасына арнайы барып, көңіл айтқан.

Атамқұлов KADEX-те көз жұмған азаматтың туыстарынан ел алдында кешірім сұрады

Бұл туралы министр Ғалым Байтүкке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Мүмкін KADEX-те болған трагедиялық оқиғаға қатысты маған жеткен ақпарат дұрыс емес шығар. Соған қарамастан, басшы ретінде, саясаткер ретінде өзімді кінәлі санаймын. Ойымды дұрыс жеткізбедім. Бір отбасы қайғыдан қан жұтып отырған кезде айттым. Оны алғашқы ақпарат пайда болғаннан кейін жарты сағаттан кейін түсіндім. Әкесін, күйеуін жоғалтып, қайғыдан қан жұтып отырған отбасыға ауыр соққы болғанын түсіндім. Сол сәтте-ақ шешім қабылдап, жолға шықтым. Өзім барып, кешірім сұрап, көңіл айтайын дедім”, – дейді Атамқұлов.

Министр кешірім сұрағаннан кейін адами тұрғыдан өзін жеңіл сезінгенін айтты. Алайда бұл істі елге жария ету үшін жасамағанын түсіндірді. Атамқұловтың айтуынша, бұл туралы марқұмның ұлы журналистерге өзі айтқан.

“Ол кісінің 92 жастағы анасы бар екен. Ол жерде өте ауыр атмосфера болды. Өзім де қиналдым. Бірақ дегенмен, адам көңіл айтып, кешірім сұраса, әжептеуір жеңілдеп қалады екен. Бұл туралы мен өзімнің айналамдағы жандарға немесе БАҚ өкілдеріне айтпадым. Ол ақталу үшін жасалған іс емес”, – дейді Атамқұлов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

STAN.KZ
Сейсенбі, 05 Маусым, 2018 16:21
Талқылау