Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовты қамауға алу мерзімі ұзартылды

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовты қамауға алу мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мырзахметовты қамауға алу 10 желтоқсанға дейін созылды. 

"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 31 қазанда күдікті А.Мырзахметовке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 10 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция бергенін хабарлаймыз", – деп мәлімдеді Астана сотының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Абылай Мырзахметов 12 мамырда қамауға алынды. Мырзахметов туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесіп, кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермеледі және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Одан бөлек 21 қарашада экс-вице-министр Нұржан Әлтаев Абылай Мырзахметовтен делдал арқылы жалпы 50 миллион теңгеден астам ақшаны пара ретінде алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Талқылау