"Атамекен" палатасының экс-басшысы Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке 7 млрд теңге қайтарылды
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовке қатысты іс бойынша мемлекетке 7 миллиард теңге қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 Фото: atameken.kz
Фото: atameken.kz
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.
“Қазіргі уақытта "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И. Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды”, – делінген агенттік хабарламасында.
Агенттік мәліметінше, жалпы жыл басынан бастап аяқталған қылмыстық істер шеңберінде мемлекетке шамамен 195 млрд теңге көлемінде қаржы қайтарылған. Ал соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстанға 1,09 трлн теңге қайтарылды.
Еске салсақ, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов 30 млн доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған еді. Сотта кінәсі дәлелденіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
 
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
