Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтің ісі сотқа жолданды

"Атамекен" ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: atameken.kz

Абылай Мырзахметов биылғы 10 мамырда ұсталған. Ол алаяқтық жасады және аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр. 

"10 мамырда "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметов ұсталды. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінді. Күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген Антикор хабарламасында.

Еске салсақ, Абылай Мырзахметов 12 мамырда қамауға алынды. Мырзахметов туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесіп, кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермеледі және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Одан бөлек 21 қарашада экс-вице-министр Нұржан Әлтаев Абылай Мырзахметовтен делдал арқылы жалпы 50 миллион теңгеден астам ақшаны пара ретінде алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Талқылау