Atameken Business-тің і-Sanj және i-Sana виртуалды жүргізушілері Қазақстандағы ең үздік инновациялық жоба деп танылды
Atameken Business телеарнасында жаңалық тарататын і-Sanj және і-Sana виртуалды жүргізушілері TKT International Awards сыйлығының "Жылдың үздік жобасы" номинациясы бойынша Қазақстандағы ең инновациялық жоба ретінде танылды. Бұл жетістік телевизиялық аудиовизуалды контент өндірісінде технологиялық дамуға, цифрлық технологияларды енгізуге және жасанды интеллектке қатысты.
Бұл виртуалды жүргізушілер үш жыл бұрын Atameken Business арнасында алғаш рет енгізілген бірегей жобаның бір бөлшегі болып табылады. i-Sanj виртуалды жүргізушісінің прототипін ICT Service компаниясындағы Қазақстандық әзірлеушілер нейрондық желіні пайдалана отырып жасады.
i-Sanj-дың прототипі белгілі қазақстандық актер Санжар Мәди, ол өзінің инновациялық және тиімді жұмысымен көрерменнің көңілінен шықты. Бұл жоба жасанды интеллект пен терең оқыту технологиялары шешуші рөл атқаратын телевизиялық контентті өндіріп, жаңа дәуірге жол ашты.
Жоба Python бағдарламалау тілін қолдану арқылы жасалған. Машиналық оқыту моделімен жұмыс істеу үшін әзірлеушілер pytorch фреймфоркін қолданды. Бейнені кадрда түрлендіру үшін wav2lip машиналық оқыту моделі қолданылды, ол үш модульден тұрады: сараптамалық модель, аудио кескін генераторы және визуалды кескін сапасының дискриминаторы. Бұл виртуалды жүргізушіні жасап шығаруға мүмкіндік берді, оның бейнесі, үні өте шынайы шыққаны соншалықты, көрермендерге сөйлеп тұрған виртуалды жүргізушіні тірі адамнан ажырату қиынға соқты.
i-Sanj-тен басқа, Atameken Business арнасы прототипі "Қазақ аруы" аруы Сания Темірхан болып табылатын жаңа виртуалды жүргізуші i-Sana-ны таныстырды. i-Sana 2023 жылдың 7 наурызынан бастап қазақ тілінде жаңалықтар жүргізіп келеді.
i-Sana-ны жасап шығау Python платформасында pytorch фреймворкін және wav2lip, AutoVC және Tacotron 2 сияқты машиналық оқытудың әртүрлі модельдерін қолдана отырып жүргізілді. Бұл технологиялар i-Sana-ның визуалды көрінісін ғана емес, оның дауысын да синтездеуге мүмкіндік берді, бұл оны толық виртуалды жүргізушіге айналдырды.
i-Sanj және i-Sana виртуалды жүргізушілерінің эфирге шығуы телевизия контентінің жаңа кезеңіне жол ашты. TKT International Awards-тағы жеңіс заманауи медиа индустриядағы инновациялар мен жасанды интеллекттің маңыздылығын растайды, Қазақстанда және одан тыс жерлерде осы саладағы болашақ жобалар үшін жаңа бір деңгей белгіледі.
Жасанды интеллект адамдардың өмірінде маңызды рөлге ие болып келеді, бұл біздің күнделікті өміріміздің әртүрлі аспектілеріне әсер етеді. Тұтастай алғанда, оның адам өміріндегі рөлі барған сайын артып, оның өмір сүру сапасын жақсарту, бизнес-процестерді оңтайландыру және жаһандық мәселелерді шешу әлеуеті барған сайын маңызды бола түсуде.
Толығырақ сюжеттен көре аласыздар: