Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атамбаевтың үйінде арнайы жасақ сарбазын өлтірді деген күдікті ұсталды

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа жаңа айып тағылуда. Атамбаевтың адвокаты Сергей Слесаревтің айтуынша, ол 2015 жылы Бішкектің бұрынғы мэрі Албек Ибраимовтың жұбайынан жер учаскесін сатып алу арқылы заң бұзды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31 арнаға" сілтеме жасап.

атамбаев

Қырғызстан билігі Атамбаевтың үйінде арнайы жасақ сарбазын өлтірді деген күдіктіні ұстады. Бірақ оның есімі еш жерде айтылмайды. 

Еске салайық, кеше кешкісін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы Қырғызстанның бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын бастаған еді. Нәтижесінде экс-президент жақтастары мен әскерилер арасында қақтығыс болып, бір адам қаза тапты. Тағы 50 шақты адам түрлі деңгейде жарақат алған.  

Сондай-ақ, елдің бұрынғы басшысы мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған деп айыпталды.
 

Талқылау