Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атамбаевтың шабуылдан кейінгі үйінің видеосы пайда болды

Алмазбек Атамбаевтың Қой-Таштағы үйінде арнайы операциядан кейінгі жағдайын көруге журналистер барды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

атамбаев үй

7 тамызда Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атамбаевтың Қой-Таш ауылындағы резиденциясына шабуыл жасаған. Операция екі рет сәтсіз аяқталды. Оқиға салдарынан 45-ке жуық адам зардап шегіп, "Альфа" командир орынбасары оқ тиіп, қаза тапты.  

8 тамызда Атамбаевты тұтқындау туралы арнайы операцияны елдегі Ішкі істер министрлігінің арнайы күштері қолға алды. Қой-Таштағы жолдар бөгеліп, байланыс нашарлап, Интернет желісі сөндірілді. Арнайы операцияға үш мыңға жуық полицейлер мен техника жұмылдырылды. Екі сағаттық қақтығыстан кейін полиция жағдайды жылдамдатып шешті. 

Кейіннен Атамбаев берілуге шешім қабылдап, оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бас тергеу басқармасына жеткізді. Ол 26 тамызға дейін тұтқындалды.

Шабуыл оқиғасынан кейін Беш-Күнгей мен Қой-Таш аралығындағы байланыс реттелген. Ал интернет байланысы әлі жоқ.

 Тас жолдың бойында тас та, шиналар да жоқ. Тек шиналардың жанған іздері көрінеді. Ал ауыл бұрынғы тіршілігіне қайта кіріскен. Кейбір жерлерде ғана күзет қызметкерлеріне қарсы лақтырған тастар жатыр. Алмазбек Атамбаевтың жақтастары ауылды тазартып, жол бойындағы тас пен қоқыстарды жинап жатыр. 

дала

Айналада тас үйінділері, сым темірлер мен патрон гильзалары жатыр. Үйдің айналасында 20-30 шақты адам бар. Өзін Атамбаевтың туысы деп таныстырған жігіт үйді тазалау үшін келгенін айтқан. Басында үйді түсірмеуін өтініпті, бірақ артынан келіскен.

"Алмазбек Атамбаевты тұтқындағаннан кейін, үйіне белгісіз адамдар келіп, үйді тонай бастапты. Көбіне бірінші және екінші қабат қираған. Үйдегі бағалы заттар мен алтынды қолды қылған", - дейді экс-басшының жақтасы.

Бірінші қабаттағы терезелер сынып, жиһаздарды қопарып кеткен. Қабырға мен жиһаздарда қан іздері жатыр. Бұл бірінші шабуылдың көрінісі. 
Үшінші қабаттың кіре берісінде "миналанған" деген қағаз тұр. Дәл сол жердегі терезе алдында құм салынған мөшектер тұр. 

үй

Үшінші қабаттың кіре берісінде Атамбаев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Курсан Асанов екеуі келіссөз жүргізген.

 

"Үшінші қабатқа елдер бармаған. Сондықтан да бұл жер таза. Тіпті резеңке оқтың да ізі жоқ. Ал екінші қабатта оқ телевизор мен қабырғаны зақымдаған. Жерден оқ гильзаларын тауып алдық. Бізден басқа бұл жерде ешкім жоқ. Үйдің бұдан әрі жағдайы қалай болатыны белгісіз", - дейді экс-басшының туысы. 

 

Еске сала кетейік, Алмазбек Атамбаевқа  жемқорлық дерегі бойынша айып тағылған. Бүгін түнде Атамбаев Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының алдын-алу шарасында тергеу амалдарын жүргізу кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторына қамауға алынды.

Талқылау