Атамбаевтың денсаулық жағдайы белгілі болды
Алмазбек Атамбаевтың жағдайын дәрігерлер орташа ауырлық деңгейінде деп бағалайды. Бұл туралы Қырғызстан парламентінің депутаты Әсел Кодуранова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кодуранованың сөзінше, Атамбаев аурухананың "қызыл аймағында" болғандықтан, оған ешкімді кіргізбейді.
"Қазір аурухананың бас дәрігерімен сөйлестім, ол Алмазбек Шаршенұлының жағдайын орташа ауыр деп бағаланатынын айтты", - деді депутат.
Бұған дейін Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметіндегілер экс-президент дәрігерлердің онлайн-кеңесінен кейін тергеу изоляторынан екі жақты пневмония диагнозымен үкімет бөлімдерінің клиникалық ауруханасына ауыстырылғанын хабарлады. Атамбаевты коронавирус жұқтырды деп ойлады, бірақ тест теріс нәтижені көрсетті.
Еске сала кетейік, 2019 жылы 7 тамызда кешке Қой-Таш ауылында ҰҚК арнайы күштері Алмазбек Атамбаевты ұстау үшін операция өткізуге тырысты, бірақ шабуыл оның жақтастарының күшімен тоқтатылды.
Келесі күні, 8 тамызда тәртіп сақшылары тағы бір шабуыл жасады. Нәтижесінде саясаткер өз еркімен берілді. Оның бірнеше жақтастары да қамауға алынды.
Атамбаевқа бірнеше қылмыстық іс бойынша айып тағылған. Адвокатының айтуынша, бұрынғы президент тергеу басталғаннан бері бірде-бір сұраққа жауап берген жоқ, өйткені ол оған қарсы әрекеттер заңсыз деп санайды.
Алмазбек Атамбаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
