Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атамбаев шекарадағы жағдайға қатысты ЕАЭО отырысын өткізуге бастама көтермек

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев экономикалық одаққа мүше мемлекет басшыларының кезектен тыс отырысын өткізуге бастама жасауға өз елінің құқығы бар екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Егер Қазақстанмен шекарадағы жағдай өзгермесе, Қырғызстанның ЕАЭО мемлекет басшыларының кезектен тыс отырысын өткізуге бастама көтеруге құқығы бар, деп мәлім етті Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы түйінді мәселе 10 қазанда басталды. Үш бекетте көлік кептелістері мен үлкен кезек пайда болды. Атамбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан шекарадағы жағдайды Қырғызстандағы сайлаумен түсіндіріп отыр, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

“Бізде еуразиялық экономикалық одақтың бар-жоғын анықтап алу керек. Егер жағдай өзгермесе, менің одақтың отырысын өткізуге бастама көтеруге құқығым бар”, — деп мәлім етті президент.

11 қазанда Қазақстанның ұлттық қауіпсіз комитеті тек қазақ-қырғыз шекарасында ғана емес, бүкіл мемлекеттік шекараның бойында жоспарлы операция жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның мақсаты шекарадағы заңсыз әрекеттердің жолын кесу, террористік, контрабандалық және басқа да қылмыстық іске қатысы бар адамдарды анықтау, шекаралық тәртіп мен көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру болып отыр.

Сондай-ақ қазақстандық тарап Қырғызстандағы сайлауға байланысты шекарада бақылау күшейтілгенін жеткізді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда көпірден адам құлап кетті

7-сынып оқушысы сүйіктісімен төбелескен жігітті атып тастады

Атырауда жол апатынан 5 адам қаза тапты

Талқылау