Атамбаев Қазақстанды қызғанып қалды: Егер мен осыншама ақша құртатын болсам, мені тірідей өртеуші еді
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанда ашылған ЭКСПО халықаралық көрмесін қызғанып қалғанын жасыра алмады.
Фото: Алексей Дружинин
Бұл туралы knews.kg хабарлайды.
Қырғыз басшысының айтуынша, ол ЭКСПО-ның ашылуы кезінде құны 3 млрд доллар тұратын көрме кешенінде болған.
“Егер мен осыншама ақша құртатын болсам, онда мені тірідей өртеуші еді. Біз дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 30 миллион доллар жұмсадық. Оның өзінде донорлар есебінен, олар әлі күнге наразы. Ал Қазақстанда ЭКСПО кешендеріне басқаша қарайды. Онда адамдар билікті қолдайды. Мен шынымды айтсам қызғанып қалдым”, – деді Атамбаев.
Ол Қырғызстанда мұнай мен газдың жоқтығына қарамастан, “ешқашан қаржылық тұрғыдан шектеулі ел болмау керектігін” айтты.
“Біз мұнай мен газдың жоқтығын адам потенциалымен толтырып отырмыз”, – деді ол.
Еске салсақ, ЭКСПО-2017 көрмесі Астанада 10 маусым күні ашылды. 20 елдің мемлекет басшылары бас қосқан салтанатты жиынға Қырғызстан президенті Атамбаев та келген болатын. Бұған дейін “Астана ЭКСПО-2017” компаниясының басшысы Ахметжан Есімов ЭКСПО-ның жалпы құны 400 миллиард теңге (1,3 миллиард доллар) тұратынын жария еткен еді.
Оқи отырыңыз:
Қазақстан мен Қытай бірлесіп кино түсіреді
Путин Астанада Қытай төрағасымен қалжыңдасты (видео)
Даниял Ахметов зейнет жасына жеткеніне қарамастан қызметтен кетпейтін болды
Нығматулин бюджет ақшасын оңды-солды шашатын министрлерге ұрсып тастады