"Аталар бізді қолдайды": "КешYOU" тобы "Қайрат-Реал" ойынына арнап ән шығарды
Фото: Видеодан скриншот
Қазақ шоу-бизнесіндегі танымал топ “КешYou” қыздары “Қайрат” пен “Реал Мадрид” арасындағы матчға ән арнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иелері жеке парақшасында әннің бейнебаянын жүктеді.
Топтың солистері "Қайрат" футбол клубының формасына түстес киім киіп, футбол алаңында ән шырқаған. Жалпы, әннің түпкі мағынасы – "Қайрат" футбол клубының жеңісіне деген сенім. Әнде:
"Тербеткен мені ел бесік,
Қазақтың даласы есті.
Жүрегім сап-сары, көздерім қап-қара,
Бұл түстер маған үйлеседі...
Орталық бәріне дайын,
Аталар бізді қолдайды.
Енді мен мың өліп, мың тірілсем де,
Жеңіссіз үйге қайтпаймын.
Алдыңда жігіттер, білесің, Қайратты“,
Көтерем бүгін ел көк-сары байрақты.
Алатаудан биік ұшқан,
Қырандар келеді, шулатып аймақты", – деген жолдары бар.
-
Алматы "Қайрат" – "Реал" матчынан 4,8 миллиард теңгеге дейін табыс табады
-
"Реал Мадрид" командасы Алматыдағы қонақүйді түгел жалға алған
Еске салайық, 28-інен 29-ына қараған түні Алматыға "Реал" ойыншылары келген еді. Қонақтарға қазақтың қонақжайлығы мен ыстық лебіз, ықыласы көрсетілді.
“Футболшыларға өнерпаздардың УЕФА Чемпиондар лигасының әнұранын қазақтың дәстүрлі аспаптарымен орындағаны ерекше әсер етті. Бұл сәт спортқа деген сүйіспеншілік пен ерекше ұлттық үнді біріктірді”, – деп жазды әуежайдың баспасөз қызметі.

"Тамада министр": Қызметінен босатылған оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев несімен есте қалды
