Атақты Тайсон рингке қайта оралады
Фото:Ашық дереккөздерден
Аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри келесі жылы кәсіби рингке қайта оралуға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
"Онымен өткен аптада сөйлестім. Ол келесі жылы рингке қайта оралғысы келетінін және тағы бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Ол шын мәнінде спортқа қайта келгісі келеді", – деді оның промоутері Фрэнк Уоррен.
Қазіргі таңда 36 жастағы Тайсон Фьюри кәсіби мансабында 34 жеңіске жетіп, 2 рет жеңіліп, 1 жекпе-жекте тең түскен. Ол WBC, WBO, IBO, WBA Super және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулердің иегері болған.
Британдық боксшы соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында украиналық Александр Усикке қарсы өткізді. Ол кездесуде жеңіліп, бір айдан кейін мансабын аяқтайтынын жариялаған еді. Алайда кейінгі уақытта Фьюри бірнеше рет спортқа қайта оралатынын меңзеп, ықтимал қарсыластары ретінде бірнеше боксшының есімін атады. Олардың қатарында отандасы Энтони Джошуа да бар.

"Тиіндерді өлтіресіздер": Алматылықтар әкімдіктің егеуқұйрықтарды улау шарасына наразы
