Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атақты Майк Тайсон блогер-боксшымен болар жекпе-жек алдында алғашқы көз түйістіру рәсімін жасады

Супер ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полмен жекпе-жек алдында көз түйістірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Getty Images

Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон танымал америкалық блогер, боксшы Джейк Полмен кәсіби деңгейде өткізетін жекпе-жегі алдында алғаш рет көз түйістіру рәсімін өткізіп, баспасөз маслихатына қатысты. 57 жастағы спортшы мен 27 жастағы блогердің бокс кеші 20 шілде күні, АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы "AT&T" аренасында өтеді деп жоспарланған. “Темір” Тайсон бұған дейін жекпе-жекке дайындығын бастап кеткен видеосын да жариялаған еді.

Айта кетейік, Майк Тайсон соңғы рет шаршы алаңға 2020 жылы Рой Джонсқа қарсы қойылым ретінде жекпе-жек өткізген. Ал Джейк Пол шаршы алаңда 10 жекпе-жек өткізіп, 9 кездесуде жеңіске жетсе, 1 рет жеңіліске ұшыраған. Ол Тайрон Вудли, Найт Диас, Бен Аскрен, Андерсон Сильва сияқты UFC-дің атақты спортшыларымен жұдырықтасып, жеңіске жеткен. 

Талқылау