Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атақты Луиш Нани де "Ақтөбеге" көмектесе алмады: Дастан Сәтпаев "Қайратқа" жеңіс сыйлады

Дастан СәтпаевФото:”Қайрат” фк

Қазақстан Премьер-Лигасының екінші турында “Қайрат” өз алаңында “Ақтөбені қабылдап, 1:0 есебімен жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қос команда бірінші таймда алма-кезек шабуыл ұйымдастырғанымен, бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Матч барысында “Ақтөбе” қақпашысы Александр Заруцкий өз командасына төнген қауіпті соққылардың бетін бірнеше рет қайтарды.

Екінші таймның ортасында “Қайрат” сапынан Дастан Сәтпаев алаңға шықты. Ал “Ақтөбе” құрамынан атақты португалиялық футболшы Луиш Нани ойынға қосылды.

Шешуші сәтте Дастан Сәтпаев гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Осылайша атақты Луиш Нани де “Ақтөбеге” көмектесе алмады. Айта кетейік, бұл Дастан Сәтпаевтың 2026 жылғы соққан алғашқы голы.

Нәтижесінде турнир кестесінде алматылық клуб 6 ұпаймен көш бастады. Ал “Ақтөбенің” еншісінде әзірге 3 ұпай ғана.

 

 

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026 21:43