AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атағы барға құрмет те зор: Алтынай Жорабаеваны тыңдармандары сынап тастады (видео)

Алтынай Жорабаева қыздарына жасалған сыйды көрсетемін деп “мақтаншақ” деген атқа қалды. Жұрт әншінің қыздарына сый жасаған орталықты сынға алып қана қоймай, Жорабаеваның өзіне де жағымсыз пікірлерді қарша боратқан көрінеді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Алтынай Жорабаева

Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірі Жорабаеваның кіші қыздарына тосынсый жасап, қуантқан. Олар ескертпестен, әншінің үйіне қонаққа келген. Бұл орайда желі қолданушылары кәсіпкерлердің қарапайым адамдардың үйіне аттап баспайтынын айтып ашынған. Бұған Жорабаеваны да кінәлай жөнелген.

“Дәл сіздерді қайдан тауып алады? Нан тауып жей алмай отырған отбасылар бар, неге соларға барып, балаларын бір қуантпайды”, – деп ренішін білдірді Қуат есімді оқырман.

Осы сынды сөздер Алтынайдың көңіліне тисе керек-ті, әнші видео-жолдау арқылы желідегі оқырмандарына деген ренішін жеткізді.

“Салонға кіріп, шашымды сәндеп отқанда үйдегі қыздар маған видео жіберді. Астананың 20 жылдығымен қыздарымен құттықтап келген. Әлі тіпті үйге барған да жоқпын, сол қуанышыммен бөлісіп, видеоларды салсам, пікірлерді оқысам… Неге адам туралы жаман ойлайды? Олар басқа балаларды да қуантып жатыр, бірақ бүкіл Қазақстанға жете алмайды ғой. Қуантып та жатыр, бірақ жасаған жақсылығыңды жариялай беруге де болмайды. Бірақ мына сәт өзіме де күлкілі болғаннан кейін, соны салдым. Неге жақсы пікірлер ойламайсыздар? Сол мені қынжылтады.

Бұл жерде біз әнші болғаннан кейін де көрініп қалатын шығар. Осындай қуанышты сәттерді балаларымызға сыйлағанда, оны бөліскенде тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Олар да игі істер жасап жатыр, бірақ оның бәрін олар жариялай алмайды. Сол себепті дұрыс түсінулеріңізді өтінемін. Өтінемін, жаман пікір жазбаңыздаршы”, – дейді ол.

😶 Мейірімді болайықшы 🙏🏻

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Айта кетейік, жуырда ғана Жорабаева желідегі жағымсыз пікір иелеріне тағы да ренішін жеткізген болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр