Ата-анасы күштеп күйеуге бермек болған қырғыз қызы жындыханаға түсті
Ресейдегі Қырғызстан елшілігінің қызметкерлері Мәскеудегі психиатрлық ауруханадан “ата-анасының өзін күйеуге бермек болған ниетіне қарсылық танытып, ауруханаға әдейі түскен” қырғызстандық қызды босатты.
Қырғызстан елшілігінің хабарлауынша, 2 тамызда дипломатиялық өкілдеріне Қырғызстан азаматы қызын Мәскеудегі №1 психиатрлық клиникалық ауруханадан босатуға көмек сұрап жүгінген.
Аурухана дәрігері елшілік қызметкеріне азаматша А.К. клиникаға 29 шілдеде өзін қудалап жүргені туралы “сандырақтап”, психиатрлық симптомдармен түскен. Қыздың өзі соңғы жарты жылда ата-анасы өзін еркінен тыс “танымайтын адамға есеппен күйеуге бермек болып” қысымға алғанын айтқан.
Елшілік қыздың жасы қаншада екенін айтпайды. Статистика бойынша Қырғызстандағы қыздардың 15 пайызы кәмелетке толмай жатып, бір пайызы 15 жасқа дейін күйеуге шығады.
“Өмірлік қиын жағдайға тап болған қыз Қырғызстаннан кетіп, ауруханаға түспек болған” делінген елшіліктің 3 тамызда жариялаған мәлімдемесінде. Елшілік өкілі Қырғызстан азаматымен және дәрігермен сөйлескен.
Мәскеудің Симоновский аудандық соты психиатрлық клиникалық аурухананың қызды “еркінен тыс түрде ауруханаға жатқызу туралы” шағымын қанағаттандырудан бас тартқан. Қыз әкесіне табысталған.
Тағы да оқыңыз:
Сүннет бойынша тамақтанудың 4 әдебі
Оралда анасы суға батқан бойжеткенді менің қызым деп таныған, бірақ қызы тірі болып шықты
Семейде жоғалған 13 жастағы қыз сүйіктісімен бірге Астанадан табылды