Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы 5 жасар қыздарының зорланғанын оның суреттерінен біліп қойған

Кішкене бүлдіршін салған суреттерде екі адам бейнеленген. Олар – еркек пен айқайлап тұрған кішкене қыз.

a462a840a711f3edb40241b7c8a7b374__660x

Бразилияда ата-анасы өздерінің қызын 54 жастағы дін қызметшісінің зорлағанын суреттерінен білген. Қазір Жоао да Силвеге қыз зорлады деген айып тағылып отыр. Бүлдіршін мектепте дін қызметшісінің сабағына қатысудан бас тартқан. Ата-анасы қыздарының бұл қылығын түсінбей, оны психолог маманға қаратқан. Маман қыздың біреуден зорлық-зомбылық көріп жүргенін айтқан. Артынша ата-анасына қыздың бөлмесіндегі заттарды жақсылап қарап шығуға кеңес берген.

Анасы мен әкесі кітаптардың арасынан сурет тауып алған. Суреттердің бірінде ересек адамның қызды зорлап жатқаны бейнеленген. Артынша қыздың ата-анасы полицияға дін қызметшісінің үстінен арыз жазған. Әзірге тергеу жұмыстарының қалай аяқталғаны белгісіз.

4bf3bf4e24384eedc8f8cca4cc5f33bb__1440x

Қазақстандық психолог Гүлжан Амангелдіқызы ата-аналарға балаларымен жақын сырласуға кеңес береді. Оның айтуынша, ана мен бала жақын қарым-қатынаста болған кезде ғана ортада құпия болмайды. Яғни бала қандай жағдай болса да, шындықты ашып айтуға тырысады.

“Зорланған бала тез өзгереді. Асыр салып ойнап, әңгіме айтқанды ұнататын қыз тұйықталып қалуы мүмкін. Ал жасөспірімдерде киімдері өзгереді. Мысалы, қыз бұрын боянып, шашын жайып, тырысқан киімдер киіп жүрді делік. Оқыс жағдайдан кейін ол керісінше кең киімдер киюге тырысады. Мұнда “Бұдан былай еркек атаулысының маған көзі түспесін” деген ой жатады. Қыздар ұл бала секілді киіне бастауы мүмкін. Баламен дос секілді сырласа білу қажет. Сол кезде ғана бала жүгіріп келіп, бар шындықты айтады. Сөзбен болмаса да, суретпен жеткізуге тырысады.

Мұнымен қатар, баланың достарымен де жақсы қарым-қатынаста болу керек. Ал егер ата-ана мен бала арасында диалог құрылмай жатса, маманға жолығу керек. Баланы психологқа алдап алып келудің де қажеті жоқ. Мысалы, мен 2-3 жасар баласын алып келетін клиенттерімнен “Психологқа келе жатқанын балаңыз біле ме?” деп сұраймын. Олар түсінбесе де, барлығын сезіп тұрады. Әдетте ата-аналар “Жоқ” деп жауап қайырады. Бүлдіршін – кішкене тұлға. Сондықтан оған өтірік айтпағанымыз жөн”, – дейді Гүлжан Амангелдіқызы.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда 6 жасар қызды өлтірген педофил 24 жылға сотталды

Петропавлда еркек әйеліне тон сыйлау үшін дүкен тонаған

Ұялы телефон шотындағы ақша неліктен жоғалып кетеді?

Алматыда әйел өзінің 9 жасар қызын зорлаған педофилді жақтамақ болған

Талқылау