Ата-анасы үшін кек алған: Жеткіншек қыз Талиб әскерлерін мылтықпен жайратып салды
Ауғанстанда жеткіншек қыз екі Талибан әскерін атып өлтіріп, тағы бірнешеуін жаралады. Бұған себеп - сарбаздардың қыздың үкіметті қолдаушы ата-анасын оның көзінше өлтіруі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Daily Mail басылымында жарияланды.
Камар Гюль есімді қыздың әкесі ауыл басшысы және белсенді мемлекет жақтаушысы болған сыңайлы. Соның салдарынан ол оққа ұшыптыі. Ата-анасының өліміне шыдамаған қыз қолына мылтық алып, үйдің сыртын қоршаған жауынгерлерді жайратып салады. Сарбаздардың екеуі қаза болып, бірнешеуі ауыр жарақат алған.
Басылым мәліметінше, қыздың жасы 14-16 шамасында. Кейбір ауғандар өздерінің жасын білмейді екен.
Көп ұзамай Талибан әскерлері Гюльдің үйіне тағы шабуыл жасаған. Алайда ауыл тұрғындары мен полицейлер олардың бетін қайтарған. Қазіргі таңда Гюль мен оның інісі қауіпсіз аймаққа көшірілген.
Аталған жайттан соң қыздың суреті әлеуметтік желілерде жаппай тарала бастады.
Айта кетейік, талибтер үкіметті жақтаушыларды үнемі аңдып, оларды өлтіріп отырады екен. Соңғы кездері олар тіпті елдің қарулы күштеріне ашық түрде шабуылдай бастапты.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
