Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ата-анасы өлді деп ойлаған": Маңғыстауда жоғалып кеткен оқушы қыз 9 жылдан кейін табылды

Қыздың туыстары оның жоғалып кеткенін 2011 жылы жариялады - сол кезде ол он алты жаста еді. Ата-анасы қызын өлгендер қатарына да қосып үлгерген.  Алайда, 9 жылдан кейін тәртіп сақшылары бойжеткенді тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысында жоғалып кеткен 14 жастағы қыз Шымкенттегі жалдамалы пәтерден табылдыПолиция мәліметінше, тоғыз жыл бұрын сол кезде 16 жаста болған қыз емтихан тапсыру үшін мектепке барған.

Алайда, осыдан кейін оны туыстарының ешқайсысы көрмеген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері  жоғалған адамды іздестіруді бастаған, ол ұзақ жылдарға созылды. 

"Істің мән-жайын тексеру барысында қыздың мектеп емтихандарын тапсыра алмағаны анықталды. Ол үйіне қайтуға ұялып, кетіп қалуды жөн көрген", - деді полицияда.

Осы уақыт ішінде тәртіп сақшылары іздеуді тоқтатқан жоқ - нәтижесінде олар оны 9 жылдан кейін Алматыдан тапты. Қыз өзін өлді деп ойлаған ата-анасына, үйіне оралды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр