Ата-анасы Мысырға қалдырып кеткен қазақстандық бала елге оралды
Мысырда қалуға мәжбүр болған 17 жастағы қазақстандық жігіт отанына аман - есен оралды. Бұл туралы "Туристік Қамқор" қоры мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Өскемендік отбасы коронавирус жұқтырған ұлдарын Мысырда қалдырып кеткені айтылған еді. Бозбаланың коронавирустың бар-жоғын анықтауға тапсырған тесті оң нәтиже берген. Алайда оның бойында аурудың белгілері байқалмапты.
Туроператор отбасыны ұлдарын Мысырда қалдырып, өздерін Қазақстанға оралуға көндірген. Ата-аналары бұған дейін бозбаланың басқа елдерге жалғыз ұшқанына сеніп, солай істепті.
Жігіт қонақ үйде қалған. Барлық шығынды қонақ үй басшылығы көтеріп алды.
"Туристік Қамқор" қорының төрағасы Инна Рей қоғамда жағдай туралы бұрмаланған пікір қалыптасқан деп санайды. Оның айтуынша, баланың ата-анасы оны Мысырда тастап кеткені дұрыс болған, өйткені ол бортта екі жүзден астам адамға коронавирус жұқтыруы мүмкін еді. Бұл ретте туроператор барлық жауапкершілікті өз мойнына алды.
"Оның келуі мен емделуіне кететін барлық шығындар туристердің мойнына түсті деген ақпарат - жалған. Туроператор - Мысыр бағытындағы ең күшті жұмыстардың бірі. Осы уақыт ішінде олар жас туристке қамқорлық жасады, оны қолдады. Бұл бизнеске ең лайықты көзқарастың мысалы. Олардың ұстанымдарының арқасында бозбала тұрған қонақ үй тұру шығындарын өз мойнына алды. Трансфер толығымен туроператордың есебінен болды. Осы оқиғалар болған кезде туроператор жігітпен, ата - аналармен үнемі байланыста болды", - деді Инна Рей.
Қор төрағасы сондай-ақ сақтандыру компаниясының икемділігі мен жауапкершілігін атап өтті. Оның айтуынша, ұйым хаттамаға сәйкес әрекет етті: ереже бойынша жас жігітті қонақ үй бөлмесінде оқшаулап, тамақпен қамтамасыз етті, оның жағдайын бақылап, тест ақшасын төлеген.
Инна Рейдің сөзінше, қазір бала отанына аман-есен оралды.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
