Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы Мысырда қалдырып кеткен қазақстандық бала туралы Сыртқы істер министрлігі айтты

ҚР сыртқы істер министрлігі ата-аналары Мысырда қалдырып кеткен бала жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мысырдағы елшіліктің мәліметінше, отандасымыздың жағдайы бақылауда. Ол қонақ үйде жатыр, ішіп-жейтін тамағы бар. Барлық шығынды қонақ үй басшылығы көтеріп алды. 5 сәуірде қайта ПТР-тест жасалады", - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Бозбаланың визасы 20 сәуірге дейін жарамды екен. 

"Туроператормен оның медициналық сақтандыруын ұзарту үшін жұмыс істейміз. Бала назарсыз қалмады. Оның ата-анасымен байланыстамыз", - деп қосты ол. 

Еске салайық, бұған дейін Өскемендік отбасы коронавирус жұқтырған ұлдарын Мысырда қалдырып кеткені айтылған еді. 

STAN.KZ
Жексенбі, 04 Сәуір, 2021 14:37
Талқылау