Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы көзқарасын өзгерту үшін басына ота жасатқан: Екі қазақ жігіті гей екендерін ашық айтты (видео)

Дәстүрлі емес көзқарастағы Арман Хассанов пен Бекзат Мұқашев өзгелерден жасырынып кездесуге мәжбүр. 22 маусым күні Арман желіде досы Бекзатты ата-анасы күштеп ұстап отырғанын айтты. Екі жігіт гей-бағдарламада танысқан. 

Бұл туралы Айқынға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Мен ең алғаш 2019 жылдың қыркүйек айында Бекзатпен таныстым. Екеуміз жасырынып менің жалдамалы пәтерімде кездесіп жүрдік. Кофейняда отырамыз, кофе ішеміз. Содан бері ажыраған емеспіз. Бекзаттың ата-анасы оның көзқарасы туралы біліп қалды. Енді екеумізді кездестірмейді. Күштеп ұстап отыр. Оны да, мені де ұрып-соқты. Бекзатты қинап үйлендірді", - деді Арман. 

Айтуынша, Бекзат ата-анасының айтуымен үйленуге мәжбүр болған. Алайда көп ұзамай ажырасуға бел буды. Себебі өзінің жан дүниесі қаламаған адаммен тұра алмайтынын айтты. Бастапқыда сырын қарындасынына айтқан. Ол туралы қарындасының жолдасы естіген. Кейін ата-анасы білген. Әкесі ұлын ессіз күйге түскенше ұрады. Осыдан бастап оны қамап ұстайтын болды. 

"Біз талай бірге қашып кеттік. Бізді тауып алды. Бекзаттың басында ақау бар, сол себепті ойы бұзылды деп ақтады. Молда әкеліп, ішінен жын шығармақ болды. Бірақ молда оның есі дұрыс екенін айтқан. Кейін психологке көрсетті. Ол да баланы солай қабылдамасаңыз, дұрыс болмайды деп кеңес береді", - деді Арман Хассанов. 

Бекзаттың өзі желі арқылы ата-анасына үндеу жолдады. Елге өзінің гей екенін мәлімдеді. 

"Мен осы уақытқа дейін сіздердің айтқандарыңызды істедім. Үйлендім де, ота да жасаттым. Сіздер менен бас тарттыңыздар. Енді неге мазалайсыздар? Мен өз таңдауымды, сіздер өз таңдауларыңызды жасадыңыздар", - деді ол.

Арман мен Бекзат көптің көзінде ашық кездеспейді.

"Біз бірге қыдырамыз, бірақ қол ұстасып жүрмейміз. Себебі жасырынуға мәжбүрміз. Бізді ешкім қабылдамайды. Бәрі қарсы. Жақындарымыздың өзінен тығылып жүреміз. Бекзат гидроцефалия ауруымен ауыратындықтан оған ата-анасы ота жасатты. Мұның сол аурумен байланысты екенін айтты. Бекзаттың ата-анасынан бізді жайымызға қалдырып, бірге қалуға мүмкіндік беруін сұраймын", - деді ол.

Талқылау