Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-аналары 3 және 5 жастағы балалары үшін үйлену тойы стиліндегі фотосессия жасады (фото)

Үш жасар Элла Пулиции мен бес жасар Салливан Терри кішкентайларынан жақын достар. Олар бір-бірімен ойнағанды жақсы көреді.

Бір күні балалардың ойындарын бақылаған ата-аналары оларды қатыстыра отырып фотосессия жасау туралы ойлайды. Содан кейін фотосессияны үйлену тойының стилінде түсіру керек деген шешімге келген.

Кішкентайлар салтанатты киімдер киген. Күйеу жігіт тізерлеп тұрып қалыңдығының қолына сақина салады. Қыз болса өз кезегінде бақыттан басы айналған кейіп танытады.

Фотосессия үшін олардың аналары Бреана мен Бриа бақ ішінде арнайы үстел орнатып, той атмосферасын жасауға тырысады. Олар кондитерге тапсырыс беріп, арнайы торт та жасатады.

“Олар өте әдемі және олардың ұзақ уақыт дос боларына сенемін. Мүмкін бір күндері расымен бір-біріне үйленіп қалар, кім біледі? Ал әзірге бұл суреттерді естелікке қалдырғымыз келеді”, – дейді Элланың анасы Бреана.

Жіберіп алмаңыз:

Мамандар 2017 жылы ең көп сатылған смартфонды анықтады

Пластикалық ота жасатқан қытайлық қыздар елдеріне қайта алмай отыр

Қытайда аңызға айналған әлемдегі ең биік шыны көпір шытынай бастады (видео)

24 сағат бойы телефоннан көз алмаған бойжеткен соқыр болып қалды

Талқылау