Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-аналар есірткі қолданатын жасөспірімді қалай анықтай алады

Есірткі қолданатын жасөспірімді белгілі бір белгілер арқылы анықтауға болады. Бұл туралы Қазақстан ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірханов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, тыйым салынған заттарды қолданатын жасөспірімнің белгілері суық тию немесе уланып қалғанға қатты ұқсайды.  


Он күн сабақтан қалған бала автоматты түрде есепке ілінеді: Балалар қандай жағдайда полиция тіркеуіне алынады 


"Дәріханаларда құрамында есірткі бар препараттар және құрамында есірткі заттары болмаса да есірткіге масайта алатын заттар бар. Ең қауіптілердің бірі – трамадол препараты. Ол синтетикалық опиоидты анальгетик немесе героиннің синтетикалық опиаты. Трамадол нашақорлыққа әкелетін зат. Ол өте қауіпті себебі ол суық тию не улану сияқты көрініс береді", – деді ІІМ бастығы.

Сондай-ақ, оның пікірінше, трамадолдан басқа, мектеп оқушылары ләззат сезімін сезіну үшін көз тамшыларын қолданатынын айтты, сондықтан ата-аналар балалардың қандай дәрі-дәрмектерді пайдаланатынын бақылауы керек.

 

Назерке Мұса
Дүйсенбі, 13 Қыркүйек, 2021 13:30
Талқылау