"Ата-аналар да жауапқа тартылды": Маңғыстауда жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болып, қылмыстық іс қозғалды (видео)
Фото: коллаж
Маңғыстау облысында жасөспірімдердің қатысуымен жаппай төбелес болды. Облыстық полиция департаменті бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Instagram-дағы 112_aktau парақшасында Құрық ауылынан түсірілген екі видео жарияланды. Бір видеодан ондаған жігіттің бір-біріне тас лақтырып, таяқпен төбелесіп жатқанын көруге болады. Екінші видеода жарылысқа ұқсайтын дыбыс естіледі.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады.
Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың әрекетіне тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі.
"Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша өз міндетін тиісінше атқармағаны үшін ата-аналар да жауапқа тартылды. Кәмелетке толмаған барлық жасөспірім профилактикалық есепке қойылды", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
