Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазушы: Мектептің талабына күле-күле, күйіне-күіне жынданып кетпесек болды

Орта мектептердегі оқу жүйесі бес күндікке ауыстырылғалы бері, соған лайықты күнделік табу ата-аналардың бас ауруына айналған.

вмвм

Бұл туралы белгілі журналист Сәкен Сыбанбай Фейсбуктегі парақшасында жазды.

“Мынадай “қызықты” естідіңіздер ме? “Бес күндік оқу жүйесіне көшкендіктен тек сол бес оқу күні ғана көрсетілген, жаңадан шыққан күнделіктерді пайдаланыңдар” деп шарт қойыпты мектепте оқитын қызыма. Ал ондай күнделікті ата-аналар бүкіл Алматыны айналып, таппай жүр. “Аптаның алты күні көрсетілген бұрынғы күнделіктерді пайдалана берсеңдер қайтеді? Сенбісі толтырылмай бос тұра береді ғой!” десем, қызым иығын қиқаң еткізеді: “Мен қайдан білейін”…Білім саласындағы былықтарға күйіне-күйіне жүйкемізді жұқарттық… Күле-күле ішегіміз түйілді… Біресе күйіп-пісіп, біресе күле берген адам түбі жынданады… Сақ болайық”, – деп жазады журналист.

Жәмила Мамырәлі есімді қолданушы бұл проблеманың Шымкентте де бар екенін, сол себепті сауда орындары былай деп жазып қойғанын да көрсетіпті.

21272393_1136191643181351_8422432958873360709_n

“Жындануға шақ қалдық. Ата-ананың да, баланың да жүйкесі жұқарып кетті. Сағадиев тірі тозақтың ұйымдастырушысы”, “Көп балалы отбасы болсақ та, 2 және 4 сыныптағы балаларыма кітап түгел берілген жоқ. Ала салайын десең, әрқайсысы 1800, 2000, 2200, 4800….Оның үстіне келесі ол кітап жарамсыз боп қалады, өйткені бағдарлама жыл сайын өзгеріп отыр”, “Бес күндік күнделіктің бес тиындық құны бар ма? Сынып жетекшіге енді оқушы күнделігінің бос орнын толтыру “жетіспей” тұрған еді. Мұғалімдер онсыз да қағазбасты. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылып қағаз жазатын мұғалімдердің жайы ешкімді толғандырмайды”, – деп наразылықтарын танытқан желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Қостанайлық бойжеткен өмірін құтқарып қалған жігітке іздеу салды

Таразда елдің үрейін ұшырған қанішер адамдарды өлтіріп, денесін қала шетіне көміп кетіп отырған

Маңғыстауда әуелі сүйген қызын, артынша өзін атып өлтірген жігіттің әріптесі сотталды

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов бостандыққа шығатын болды

Талқылау