Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асылжан: Прокурорды ұрғаным есімде жоқ, бар ойым әкемнің қансыраған денесін құшақтау болды

Асылжан Жампозовтың ұлына билік өкіліне қарсы күш қолданды деген айып тағылған.

ұлы

Өзін-өзі атып өлтірген “Қазақстан су шаруашылығының” бұрынғы басшысының ұлы Асылжан Жампозовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

” Жампозов А. О. прокурорға қарсы күш қолдануы дерегі бойынша ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігіне сәйкес қозғалған қылмыстық іс Ақмола облысы ІІД тергеу басқармасы өндірісіне түсті”, — деп жауап берді баспасөз қызметі.

Асылжан Жампозовтың өзі қылмыстық істің қозғалғанын сейсенбі күні интернеттегі жаңалықтан оқып біліпті.

“Қан жоса болған әкемнің жансыз денесін көріп, жақындап, құшақтап алғым келгенде  болған жайт шығар. Ол менің әкем емес пе. Екі қолымды қайырып ұстап алды, ал мен олардан сытылып шыққым келді, сол кезде қолым біреуге тиіп кеткен шығар, тіпті есімде де жоқ, мең-зең күйде болдым. Бәлкім, біреуді ұрғанымды алға тартып отырған болар”, — деді Жампозов

Оның айтуынша, әкесін жерлеген соң, баз біреулер хабарласып, ешқандай әрекетке бармауын талап етіп, қорқытпақ болған екен.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтар ЭКСПО-дағы Оңтүстік Корея павильонынан 20 планшетті ұрлап кетті

Жамбылда өз ауласында өлі табылған депутатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстікте бір ауыл халқы жаппай ауруға шалдығып жатыр

Жанжал: Зейнетақы қорындағы 15 миллиард теңге келмеске кетті

 

 

 

 

Талқылау