Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асу Алмабаев UFC-де алғаш рет жеңілді

Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 253 жарысында жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Турнирдің мэйн ивентінде португалдық Манел Капемен Асу Алмабаев арасында жекпе-жек өтті. Кездесу бес раундқа жоспарланған еді. Алайда үшінші кезеңде Капе техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Манел Капе осылайша спорттық мансабындағы 21 жеңісіне жетті. Ал Асу Алмабаев кәсіби карьерасындағы үшінші жеңілісіне ұшырады. Айта кетейік, бұл – қазақстандық спортшының UFC-дегі алғашқы жеңілісі. Бұған дейін, Асу америкалық лигада қатарынан төрт рет жеңіске жеткен еді.

Талқылау