Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асу Алмабаев пен өзбекстандық спортшы арасындағы жекпе-жектің өтпеу себебі белгілі болды

Фото: instagram.com / asu_zulfikar57

UFC ұйымы аясында 26 шілде күні Абу-Дабиде өтуі тиіс болған Асу Алмабаев пен Рамазан Темиров арасындағы жекпе-жектің не үшін өтпейтіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бастапқыда қазақстандық спортшының қарсыласы ретінде өзбекстандық Темиров бекітілген еді. Алайда 8 шілде күні оның жекпе-жекке шыға алмайтыны белгілі болды. Темиров бұл туралы әлеуметтік желіде түсініктеме берді. Оның айтуынша, оқу-жаттығу жиындары кезінде инфекциялық ауру жұқтырып, ем қабылдауға мәжбүр болған. Диетологтың кеңесімен берілген дәрі-дәрмектің құрамында тыйым салынған зат бар болып шықты. Кейінгі допинг тексерісінде бұл анықталып, Темиров октагонға шығудан бас тартуға мәжбүр болды.

Осы жағдайдан кейін UFC ұйымдастырушылары Алмабаевқа жаңа қарсылас тапты. Енді ол 26 шілдеде Абу-Дабиде перулік спортшы Хосе Очоамен кездеседі.

Хосе Очоа (лақап аты — Kalzifer) 57 келіге дейінгі жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Оның кәсіпқой аралас жекпе-жектердегі көрсеткіші – 8 жеңіс және 1 жеңіліс. Қазір Хосе UFC-де өнер көрсетіп жүр және бұрынғы чемпион Чарльз Оливейра жаттықтыратын командада дайындалады.

Абылайхан Палмағанбет
Сәрсенбі, 09 Шілде, 2025 14:13
Талқылау