Астраханда көп қабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскен: Қаза тапқандар бар
Ресейдің Астрахан қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ria.ru
Үйінді астынан 84 жастағы әйелдің денесі шығарылды.
Іздестіру-құтқару шаралары жалғасуда. Бірнеше адам із-түзсіз жоғалған. Зардап шеккендердің саны анықталуда.
Жалпы саны 20 пәтер опырылып, зақымданған.
Куәгерлердің айтуынша, оқиғадан бірнеше сағат бұрын ғимараттың қасбетінде үлкен жарықшақ пайда болған. Тұрғындардың көпшілігі үйден шығып үлгерген.
Тергеушілердің алдын ала қорытындысы бойынша пәтерлердің бірінде рұқсат етілмеген күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, үйдің негізгі қабырғасын алып тастаған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”